«Қос ішектің құдіреті» лекция-концерт
Мектебіміздің ұжымы Ұлттық домбыра күнін мерекелеуге белсенді қатысты. «Қос ішектің құдіреті» атты лекция-концерт өтті. Концертке ұстаздар, домбыра сыныбының оқушылары және арнайы қонақ ретінде мектебіміздің түлегі, Астана қаласындағы Күләш Бәйсейітова атындағы өнер академиясының студенті Әбенова Сымбат қатысты.
Концерт барысында дәулескер күйшілердің күйлері орындалып танымдық бейнероликтер көрсетіліп, қызықты сұрақ- жауап ұйымдастырылды. Ұлттық өнеріміз өркендеп , дәстүріміз мәңгі жасай берсін!






