"Баланаз" ансамблінің орындауындағы күйлері
Домбыра – халқымыздың асыл мұрасы, ұлттық рухымыздың мәңгілік үні. Қос ішектен төгілген әрбір күй – бабалар аманаты, ұлттың тарихы мен тағылымы.
Ұлттық домбыра күні қарсаңында мектебіміздің республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы "Баланаз" ансамблінің орындауындағы күйлерді назарларыңызға ұсынамыз. Жетекшісі Нурбекова Айжан Беимбетовна. Домбыраның қоңыр үні әр шаңыраққа шаттық пен рухани байлық сыйласын!