«Бабамыздың үнісің сен- домбыра»
29-04-2016 15:23
«Бабамыздың үнісің сен- домбыра»

Мамыр айының 29 жұлдызында «Бабамыздың үнісің сен- домбыра» тақырыбында халық аспаптар бөлімінің домбыра сынып оқытушысы Б.С.Асылжанованың өнерге баулыған өрендерімен ата-аналарға, оқушыларға, қонақтарға концерт ұсынылып , көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мақсаты:Оқушылардың аспаптық күй өнеріне деген қызығушылығын арттырып, орындау шеберлігінің шыңдалуына, еңбекқорлыққа, өнерін еркін көрсете білуіне, сахна мәдениетінің қалыптасуына тәрбиелеу. 

Қазақта: «Баланың басты ұстазы- ата-анасы» деген сөз бар.

Ал, француз педагогі Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол да солай тәрбиеленеді» деген екен.