«Ел болашағы – бақытты бала» мерекелік іс-шара
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай мектебіміздің хореография бөлімінің педагогтері мен оқушылары жылдық жоспарға сәйкес «Ел болашағы – бақытты бала» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында әсем билер орындалып, әндер шырқалып, түрлі қызықты ойындар өткізілді. Ұйымдастырушылар оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің мәні мен маңызын арттыра түсті. Іс-шара соңында балаларға балмұздақ таратылып, естелік суретке түсірілді. Мереке бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, жарқын әсер қалдырды.






https://www.instagram.com/p/DZEu0k7sNlo/
https://youtube.com/shorts/50QOEI0gZFQ
