Театр бөлімінің мектеп бітіруші түлектері оқу жылының қорытындысы
Театр бөлімінің мектеп бітіруші түлектері оқу жылының қорытындысын Оқушылар сарайында театрландырылған қойылыммен түйіндеді. Сахнада болашақ жұлдыздарымыз Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасын көрермен назарына ұсынды. Болашақ актерлерлер сахналық шеберліктерін, актерлік ойындарын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Түлектеріміз 4 жыл бойы бойы жинаған тәжірибелерін көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін аша білді. Нәтижесінде қойылым шынайы, әсерлі болып шығып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Жетекшілері: Бакирова Г.М., Әділетұлы Н.





https://www.instagram.com/p/DYv69EUs6ry/
https://www.instagram.com/p/DYv7cZ8M-e1/
https://www.facebook.com/reel/989818413628851