«Ертеңіміз біз елдің» жылдық есеп беру концерті
Мектебіміздің жылдық жоспарына сай 25 сәуір күні М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында талантты, дарынды балалардың өнерлерін дамытып, биік белестерді бағындыруға шыңдайтын өнер ордасы Балқаш қаласы, Балалар өнер мектебі – ЮНЕСКО клубының «Ертеңіміз біз елдің» атты жылдық есеп беру концерті болды. Концертте оқушылар топтық хор, оркестр, бишілер ансамбльдері, домбырашылар ансамбльдері, скрипка ансамблі, дәстүрлі ән ансамблі, вокалдық топтар сонымен қатар саксафон аспабында өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мәдениет сарайы фаесінде көркемөнер бөлімінің өз қолдарымен жасаған жұмыстары үлкен әсерлі көрме ретінде қойылды.











