"Бір аймаққа – бір кітап" акциясы
16-02-2017 08:48

"Бір аймаққа – бір кітап" акция  шеңберінде  бастауыш сынып оқушылары  Ы.Алтынсарин шығармашылығымен танысты.Сабақ барысында  жазушының 10 әңгімесін  дайыстап оқу  ұсынылды. Содан  кейін жазушының  "Әкесі мен баласы" (3а сын.), «Аурудан-аяған күштірек» (3б сын.), "Құмырсқа, өрмекші және қарлығаш"(3в сын.), "Алтын жаңғақ"(4а сын.), «Бір уыс мақта» "(4а сын.), " Жануарлар дауы "(4вжәне 4г сын.) шығармаларына  сахналық қойылым дайындап, көрсетті.  Екінші сынып оқушыары осы тақырыптарға суреттер салды.
Акт залында кітапханашы  Е. В. Леонтьева өткізілген акция туралы айтып, ағартушы -педагог,  ақын,  жазушы   Ы.Алтынсарин шығармашылығымен                    таныстырды. Балалар сөзжұмбақ  сұрақтарына жауап беріп,сахналық қойлымдар көрді. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтар алды.