Жаңа штаммның белгілері қандай? ДДСҰ медицина қауымдастығының жетекшісі жаңа штамм белгілері бастапқы кезеңде коронавирустың әдеттегі белгілерінен өзгеше және жеңіл болып көрінетінін атап өтті. Штамм белгілері тыныс жолдарының инфекциясына ұқсас. Сондай ақ "қатты шаршау, жүрек соғу жылдамдығы мен жоғары температура болуы мүмкін. Алайда дәм мен иіс сезу жоғалмайды" делінген хабарламада. Омикронның басты белгілері – 1. тамақтың қатты ауруы, тамақтың жыбырлауы 2. бастың қатты ауруы, 3. мұрынның бітелуі, 4. мұрыннан су ағу 5. құрғақ жөтел. 6. температураның жоғарылауы 7. бұлшықеттің ауруы 8. әлсіздік те қосылады. 9. гипермнезия (есте сақтау қабілетінің бұзылуы). Сонымен қатар, бұл штаммды жұқтырған кезде иісті сезу қабілеті жоғалады. “Алайда, өзге штаммдарға қарағанда иіс сезу тез оралады”,- дейді мамандар. Коронавирус инфекциясының «омикрон» штамының тек түнде ғана байқалатын жаңа белгілері анықталды. Аталған штамды жұқтырған пациенттер түнде қатты терлейтіндеріне шағымданған деп жазады. Бастапқыда бұл штамға шалдыққан науқастар үздіксіз жөтел, дене қызуының көтерілуі, иіс пен дәм сезудің жоғалғанын айтса, қазір мұрынның бітелуі, бастың ауруы, шаршағыштық, дененің қақсауы, сонымен қатар түнгі уақыттағы қатты тершеңдіктің орын алғанын айтуда. Сондай-ақ тамаққа тәбеттің жоғалуы да бұл штамның жаңа симптомдарының біріне айналды. Балалар коронавирустың басқа штамдарына қарағанда «омикрон»-мен екі жарым есе жиі ауырады. Балаларда ересектердегідей белгілер байқалады. Оның айтуынша ересектер мен балалардағы ауру белгілерінің айырмашылығы бар екенін және «омикронмен» ауыратын балалардың 15 пайызында әдеттен тыс бөртпе пайда болады. Ең алдымен ауру белгілері бар адам өзін оқшаулап, үйден шықпауы қажет. Дәрігердің айтуынша, температураны түсіретін дәріні тек дене қызуы 38 градустан асқан жағдайда ғана ішу қажет. Сондай-ақ тамақты, мұрынды тұзды ерітіндімен шаю қажет. Ешқандай жағдайда дәрігер нұсқауынсыз антибиотик ішуге болмайды. Сондай-ақ дәрігер көп сұйықтық ішуге кеңес берді. Ал мәзірден майлы және тұздалған тағамдарды алып тастау керек. Бұл уақытта лимон мен басқа да С дәруменіне бай жемістерге ауысқан дұрыс. Тағы бір ұсыныс: науқас тұрған бөлмені желдетіп, тазалап тұру қажет. Маска тағып жүру керек.
Коронавирустың жаңа мутациясы "Омикрон" штаммының белгілері қандай?