Размер шрифта:
“Әл-Фараби және ғылыми жетістіктер дәуірі”атты облыстық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы
26-11-2020 10:41
“Әл-Фараби және ғылыми жетістіктер дәуірі”атты облыстық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы

✅25.11.2020 күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейі ұйымдастыруымен “Әл-Фараби және ғылыми жетістіктер дәуірі”атты облыстық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтті. Конференцияның №1 секция пікіралмасу ашық алаңының теориялық блогында мектеп-лицей директоры Дүбирбекова Карлығаш Шәкәрімқызы «Әл Фараби еңбектеріндегі мемлекетті басқару мәселесі және қазіргі қоғам» тақырыбында ой қозғады. Әл-Фараби айтқан билеушінің 12 қасиеті мен табысты көшбасшы болудың 11 құпиясымен бөлісті.