«БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ – РУХАНИ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ» ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДАҒЫ ПІКІРСАЙЫС ОЙЫНЫ
2026 жылдың 15 сәуірі күні «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында «Қазіргі балалар және рухани құндылықтар» тақырыбында АПФ форматындағы пікірсайыс ойыны ұйымдастырылды.Пікірсайыс барысында қатысушылар қазіргі қоғамдағы балалардың рухани тәрбиесі, кітап оқу мәдениеті және ұлттық құндылықтардың маңызы туралы өз ойларын дәлелдер арқылы қорғап, қарсы тараптың пікіріне сын тұрғысынан жауап берді. Оқушылардың белсенділігі, логикалық ойлауы мен шешендік қабілеті жоғары деңгейде көрінді.Пікірсайыс ойындары жас ұрпақты ой еркіндігіне, мәдениетті пікір айтуға және рухани құндылықтарды бағалауға тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік береді.

