Размер шрифта:
«Кітап – алтын қазына» тақырыбында оқулықтарды тексеру жұмысы
20-02-2026 08:27

Оқушылардың кітапқа деген жауапкершілігін арттыру, оқулықтарды таза әрі ұқыпты ұстауға тәрбиелеу және оқу құралдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Кітап – алтын қазына» тақырыбында оқулықтарды тексеру жұмысы жүргізілді. Мектебіміздің парламенті барлық сыныптарды аралап, оқушылардың дәптерлері мен оқулықтарын тексеріп шықты. Тексеру барысында ұстаздар мен оқушылар кітаптарды дұрыс қолдану, дәптер жазбаларының толықтығы мен сұрақтарға жауаптардың дұрыстығына назар аударылды. Парламент мүшелері оқушыларға оқу материалдарын дұрыс ұйымдастыру, ұқыптылық пен жауапкершілік көрсету жайында кеңестер берді. Осы іс-шара оқушылардың оқу мәдениетін арттырып, білімге деген ынтасын күшейтуге бағытталды.