Размер шрифта:
«Заң және тәртіп» айлығының мазмұны мен міндеттері талқыланды.
16-01-2026 10:31

14.01.2026 күні мектебімізде Мектеп парламенті ұйымының отырысы өткізілді. Отырыста «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» айлығының мазмұны мен міндеттері талқыланды.   

Мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауды және тәртіпті сақтауды насихаттау.    Отырыс барысында оқушылар құқықтық тәрбие бағытындағы іс‑шаралармен танысып, өз пікірлерін білдірді. Жиын құқықтық сауаттылықты арттыруға және мектеп қауымдастығында тәртіпті нығайтуға ықпал етті.