7–8 сынып оқушылары арасында жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді
2025–2026 оқу жылында 7–8 сынып оқушылары арасында жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиада барысында оқушылар пәндік білім деңгейін, логикалық ойлау қабілетін және шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті. Байқау жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтіп, әр пән бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар қалалыққа жолдама алды.
