Размер шрифта:
Республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңі өтті.
21-10-2025 16:31
2025 жылғы 17 қазанда Республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепшілік кезеңі өтті.
Бұл кезеңде әр сыныптан дарынды оқушылар математикалық білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды. Олимпиаданың мақсаты — оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, қабілетті оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету. 
Қазылар алқасының шешімімен жоғары нәтижеге қол жеткізген оқушылар келесі (қалалық/аудандық) кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мектеп атынан мақтау қағаздарымен марапатталады.