19.09.2025 жылы мектебімізде Ұланбасы сайлауы өтті.
19.09.2025 жылы мектебімізде Ұланбасы сайлауы өтті.
Бұл сайлаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасынан көшбасшылық қабілеті жоғары, жауапкершілікті, үлгілі және белсенді оқушыны анықтау болатын.
Сайлауға қатысқан үміткерлер:
- 8 «А» сынып оқушысы – Мәдіқұл Нұрай
- 8 «Ә» сынып оқушысы – Кудабаева Дильназ
- 8 «Б» сынып оқушысы – Болат Аяулым
Сайлау ашық әрі әділ түрде өтті. Оқушылар дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Нәтижесінде, ең көп дауыс жинаған Кудабаева Дильназ жеңіске жетіп, мектептің Ұланбасы болып сайланды.
