2022 жылдың 25 наурызы күні мектебіміздің өлкетану мұражайының жетекшісі Р.Кашымбекова 4 «А» сынып оқушыларымен «Туған жер – алтын бесігім» тақырыбында танымдық сайыс өткізді. Сайыс барысында оқушылар туған жер туралы мақалдар айтып, мемлекеттік атаулы мерекелерге тоқталып өтті. Мақсаты: оқушыларға туған өлке тарихын зерделеуге, таным түсінігін кеңейтуге көмектесу. Асты-мұнайға, үсті-адами рухани құндылыққа толы қасиетті, киелі өлке туралы білгендерін ортаға салғызу. Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Елін, жерін, тілін, әдеп-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру.