Размер шрифта:
Балқаш - Балқаш жағалауында орналасқан қала
07-02-2022 13:16
Балқаш - Балқаш жағалауында орналасқан қала

Балқаш — Балқаш жағалауында орналасқан қала. Балқаш көлінің жағасындағы ең ірі қалалардың бірі – Балқаш қаласы. Қала Қарағанды қаласынан 380 км қашықтықта Бертыс айлағында орналасқан. Халық саны – 75,6 мың адам.

Тарихы

1931 жылы Прибалхашстрой кенті ретінде қаланған. Қала 1937 жылы Прибалхашстрой кентінің базасында құрылды.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/1c/Balkhash-zimoi.jpg/200px-Balkhash-zimoi.jpg

Балқаш көлінің солтүстігінде 12 км жердегі Қоңырат мыс кен орны мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. 1967 жылы Лондондық Халықаралық Көрмесінде балқаштық мыс халықаралық мыс эталоны болып танылды.

Туризм

Қала жағажайы

Көл және көл маңындағы табиғат ескерткіштерінің (Бектау ата шатқалы, тоғайлы ормандар) рекреациондық потенциалы туристерді қабылдауға таптырмас мүмкіндік береді. Балқаш көлінің жағасында танымал туризм түрлері болып жағажай туризмі, спорттың су түрлері: желкенді қайық, байдаркамен және каноэмен есу, спорттық балық аулау табылады. Балқаш көлінің жағалауында жылына 4 мыңнан астам адам демалады. Демалушыларға жағдайды облыстың ірі өнеркәсіпорындары мен жеке меншік кәсіпкерлердің 9 демалыс зонасы жасайды. Көлдің батыс жағалауында халықаралық және республикалық маңызы жоғары Алматы – Екатеринбург тас жолы өтеді. Аймақта орналасқан табиғи ескерткіштердің бірі – Бектау ата тау желісі. Бектау ата тауының шыңы 1000 метрге дейін жетеді. Бектау ата тау желісінің ұзындығы 4000 га, алайда оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан. Мұнда өсімдіктердің жүзге тарта түрі кең таралған, олардың 45 сирек кездесетін болса, 8 Қызыл Кітапқа енгізілген. Сонымен қатар Бектауата тауында киелі саналатын тұзщы су көзі бар «Әулие» үңгірі орналасқан. Бектау ата тау желісі – туристердің қызығушылығын тудыратын табиғат әлемінің ерекше бір туындысы.

Халық саны[

Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 73,7 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 4 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 56,8%-ы қазақтар, 33,5%-ы орыстар, 1,9%-ы немістер, 1,5%-ы татарлар, 2,2%-ы украиндер, 0,4%-ы белорустар, 1,6%-ы корейлер, 2,1% басқа ұлт өкілдері.

2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 18,53 өлім – 14,36 табиғи өсім – 4,17

Экономикасы

Қаладағы мыс қорыту зауыты

Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді.Оның өнімдері бірнеше шет елдерге шығарылады. Лондондағы халықаралық көрмеде Балқаш мысы ең таза мыс ретінде дүниежүзілік эталон деген атаққа ие болды (1967). Балқаш мыс қорыту комбинатын 1997 жылдың ақпанында Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасы алып, өндірісті 6 ай ішінде жобадағы қуатына жеткізді. Бір айда 11, 5 мың тонна рафинатталған мыс өндірген. Жылдық өнім көлемі 100 мың тонна.

Қалада 2007 жылы 414 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 4 ірі, 45 орта, 365 шағын субъектілері. Негізгі экономикалық бағыт:

  • түсті металлургия;
  • энергетика;

Қаланың негізгі кәсіпорындары:

  • «ЗОЦМ» АҚ
  • Балқаш қаласы әкімінің жанындағы «Су Жылу Транс» КМК

Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері:

  • электр және жылу энергиясы;
  • түсті металдар өндірісі;

2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 20877 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 31683 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 216083,4 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 5005,3 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 117,7%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 1978,6 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемінің 134,0%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 3829,2 млн. теңге шамасында құралды, ақылы қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз)– 887,8 млн. теңге.

Ауыл шаруашылығы

2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады.

2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 1 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 1 іс-әрекеттегі шаруа қожалығы, 3,6 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 0,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,1 мың га – егістік алқаптар.

2006 жылғы астыққа 0,3 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде картоп 0,1 мың га, көкөніс 0,2 мың га.

2006 жылы 1,8 мың тонна картоп, 3,6 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 0,06 мың тонна ет (тірі салмақта), 1,8 мың тонна сүт; 445,2 мың дана жұмыртқа өндірілді.

2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 2,3 мың бас; қой мен ешкі – 3,1 мың бас; шошқа - 0,3 мың бас; жылқы - 42 бас; құс – 5,4 мың бас.*

Білім

Қалада 2006/2007 оқу жылы басына

  • 21 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 12456 оқушы оқиды,
  • 1 кешкі жалпы білім беретін мектеп - 200 оқушы
  • 4 колледжде – 2736 оқушы,
  • 2 кәсіби-техникалық оқу орнында – 1195 оқушы,
  • 1 жоғары оқу орнында - 2595 оқушы оқиды.

Қалада

  • 9 кітапхана,
  • 5 клуб типті мекеме,
  • 1 мұражай істейді.[3]

Инфрақұрылымы

Қаладағы Ағыбай батырға арналған ескерткіш

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/85/Balkhash_PalaceOfCulture.jpg/200px-Balkhash_PalaceOfCulture.jpg

Қаладағы Мəдениет үйі

Қалада тарихи өлке тану мұражайы, 2 спорт кешені, жүзу бассейіні, қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен металлургия техникумы, педагогика, медицина училищелері, Қарағанды полтехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, 20 шақты орта және 8 жылдық мектеп, 2 халық театры, бейнестудия , т.б.мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар.

Транспорты

Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы АстанаАлматыҚарағандыТаразШымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия елдерімен байланыстырады.