№9 жалпы білім беретін мектебінің музейінде «Дәуірдің жарық жұлдызы» тақырыбында 3 сынып оқушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлының өлең шығармаларын мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын таныту, ақындық талантын
шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру. Оқушылардың өлеңге деген ынтасын, көркем сөз оқу шеберлігін арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, Отанды сүюге, адамгершілікке, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу.