7–8-сынып оқушыларына арналған мектепішілік пәндік олимпиада
17.11. күні «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 7–8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану бағыты бойынша мектепшілік пәндік олимпиада өткізілді. Білім сайысына барлығы 35 оқушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, пәнге қызығушылықтарын арттыру және ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту. Қатысушылар өз білімдерін сынап, тапсырмаларды орындауда ізденістері мен қабілеттерін көрсетті.
І орын иегерлері олимпиаданың қалалық кезеңіне жолдама алады.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
