Қалалық «Қасым оқулары» байқауындағы жетістіктер
2026 жылғы 12 қараша күні өткен қалалық «Қасым оқулары» байқауында «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушылары өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Қанатқызы Аяулым — ІІ орын
Қашымбекова Аруна — ІІІ орын
Кәрімхан Бексұлтан — қатысушы сертификаты
Жетекшілері: Жакупбекова Ш.Д., Баубеков А.С., Орынтаева Ж.А.
Қасым Аманжоловтың шығармашылық мұрасын дәріптеп, өнерімен танылған оқушыларымызды және жетекшілерін құттықтаймыз! Алдағы байқауларда шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
