«Қасым оқулары» байқауының жеңімпаздары
23-11-2026 12:33
2026 жылғы 11 қарашада «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де ақын Қасым Аманжоловтың шығармашылығына арналған мектепішілік «Қасым оқулары» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – ақын мұрасын насихаттау, оқушылардың поэзияға қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқау қорытындысы бойынша І орын иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алған оқушылар: **Кашымбекова Аруна**, 8-сынып — «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...» номинациясы. Жетекшісі: Жакупбекова Шайзат Даулетовна.
**Кәрімхан Бексұлтан**, 9-сынып — «Өзіммен бірге өлмесін, өлеңім деп...» номинациясы. Жетекшісі: Баубеков Аманжол Сағынтаевич.
**Қанатқызы Аяулым**, 9-сынып — «Берейін өмірімнен өлең жасап...» номинациясы. Жетекшісі: Орынтаева Жанар Айтбековна.
Жеңімпаздар мен жетекшілерін құттықтаймыз! Қалалық кезеңде сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!