«Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік» республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті
«Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік» мектепшілік олимпиадасы өтті
2026 жылғы 3 қарашада «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 9–11 сынып оқушыларына арналған «Қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік» республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты — оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік туралы білімін кеңейту және жауапты шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
Олимпиадаға мектебіміздің үш оқушысы қатысты:
9 «Б» сынып оқушысы — Қайрат Назым;
10 «А» сынып оқушысы — Аныкбаева Нұрсұлу;
11 «А» сынып оқушысы — Совет Рамазан.
Қатысушылар қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бағытындағы тапсырмаларды орындап, өз білімдерін сынады.
Оқушыларымызға алдағы уақытта табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
