Размер шрифта:
↑
«Достық пен келісім» психологиялық тренингі
30-10-2026 08:59

Мектебімізде қазан айында «Достық пен келісім» тақырыбында 7-11 сынып оқушылар арасында психологиялық тренинг элементті өтті.Шараның негізгі мақсаты:Оқушылар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластық, төзімділік пен эмпатия құндылықтарын дамыту, сондай-сезім жасөспірімдер арасындағы дау-жанжалдардың алдын алып, мектепте позитивті психологиялық климат қалыптастыру.

       Тренинг барысында жоғары сынып оқушылары топтық жұмыстарға белсене қатысып, түрлі психологиялық жаттығулар орындады. Рөлдік ойындар арқылы қиын жағдаяттарда өзара келісім мен компромисске келу жолдарын үйренді. Шара соңында қатысушылар кері байланыс орнатып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.