Размер шрифта:
↑
Қалалық лингвистика олимпиадасы
30-10-2026 08:27
2026 жылғы 20 қазанда «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында 8–11 сынып оқушылары арасында қалалық лингвистика олимпиадасы өтті. Олимпиадаға қала мектептерінен барлығы 82 оқушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың тіл біліміне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау және талдау қабілеттерін дамыту, лингвистикаға бейімі бар дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Қатысушылар тілдік заңдылықтарды анықтауға, салыстыруға және логикалық қорытынды жасауға бағытталған тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен қабілеттерін сынады.
Зияткерлік сайыс оқушылардың тілдік танымын кеңейтуге, ізденіс дағдыларын жетілдіруге және шығармашылық ойлауын дамытуға мүмкіндік берді.