«Терроризм – ғасыр қаупі» тақырыбындағы пікірсайыс
2026 жылдың 14 қазанында «Рухани келісім» күніне және «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Терроризм – ғасыр қаупі» тақырыбында оқушылар арасында APF форматында пікірсайыс өткізілді.
Пікірсайыстың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, терроризмнің қоғамға төндіретін қауіп-қатері туралы түсініктерін кеңейту, сыни ойлау қабілеттерін дамыту және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, дәлелді пікір білдіру, қарсы тараптың көзқарасын тыңдау және өз ұстанымын нақты аргументтермен қорғау дағдыларын көрсетті.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойында заңға құрмет, бейбітшілікке ұмтылу және қоғам қауіпсіздігіне деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Заңға құрмет – тәртіптің негізі, бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы!
