«Заң және тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында дәріс өткізілді.
Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізі – заңды құрметтеу және тәртіпті сақтау. Осы бағытта білім алушылар арасында 22.09.2026 күні «Заң және тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заң талаптарын сақтаудың жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар білім алушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, өз құқықтарын білу және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мәселелері түсіндірілді.