"Оқу мақсаттарынан сабақ мақсатына шығу жолдары" тақырыбында семинар
Бүгін мектеп координаторы Тлеубекова М.М. жас мамандарға "Оқу мақсаттарынан сабақ мақсатына шығу жолдары" тақырыбында семинар өткізді. Жаңартылған білім мазмұны бойынша тілдік дағдыларды, ұзақ мерзімді жоспар және оның мәнін, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды оқу мақсатымен байланыстыра құруды, сондай-ақ, оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдерді үйрете отырып, әдістемелік көмек көрсетілді.