«Шаңырақ» жобасы
06-02-2018 14:41
«Шаңырақ» жобасы

       5 ақпан күн мектебімізде ашық есік күні өтті. С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында оқушылар қауымдастығы «Шаңырақ» жобасы негізінде ұйымдастырылған. Оқушылар қауымдастығының мақсаты - бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, біртұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру. Ашық есік күні НЗМ іс тәжірибесін таратуда тәрбие бағыты бойынша мынадай жобалар қорғалды. «Ауылдағы 10 күн», «Ата-анамның жұмысындағы бір күн», «Жұлдызды сәт», «Өнер күні», «100 кітап»жобасы. Қорғаған оқушылар 6г сынып оқушысы Төлеутай Сұлтан Серікболұлы, 9ә сынып оқушысы Орынбай Дильназ,5а сынып оқушысы Абаева Дана, 5б сынып оқушысы Сәрсенбаева Аружан, 9 ә сынып оқушысы Елемесова Бота, Дарибекова Айзат 10а сыныбы, Есенова Балнұр 8а сыныбы және Сағынтаева Дамира 6г сынып оқушысы.