«Желтоқсанның алауы – Тәуелсіздік жалауы»
Еліміздің тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсанның алауы – Тәуелсіздік жалауы» атты тарихи сағат 2017 жылдың 14желтоқсанында №3 кітапхана-филиалының және С.Сейфуллин №7 мектеп-гимназиясы кітапханашыларының ұйымдастыруымен осы аталған мектеп кітапханасында өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы тарихын айту арқылы жастар бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру және елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін түсіндіру.