«Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!»
Мектепке жол» республикалық акциясы «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілуде. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.