100 кітап аллеясының ашылу салтанаты
24 қыркүйек күні мектеп кітапханасында 100 кітап жобасы аясында «Өзің оқы – өзгеге бер» акциясы басталды.
Акцияның мақсаты: оқушыларды кітап оқуға тарту, оқырмандардың мәдени және рухани білімін көтеру; сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру; ұлттық және әлемдік әдебиеттерге деген қызығушылықты тудыру.
Іс-шара барысында оқушыларға бірнеше көптеген әдебиеттер ұсынылды. Оқушылар ұсынылған әдебиеттерге қызығушылықтарын таныта отырып, кезекпен-кезек дауыстап оқып, кітапханашы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.