«21 ғасырдың қазақстандық ата-аналары: өз балаңа үлгі бол» бірыңғай республикалық ата-аналар конференциясығы Әкелер кеңесінің және Аналар клубының жұмысы туралы ақпарат
Дата: 2018-11-28 09:45:56
«21 ғасырдың қазақстандық ата-аналары: өз балаңа үлгі бол» бірыңғай республикалық ата-аналар конференциясы аясында 2018 жылдың 8,9,22 қыркүйек және 13,14 қазан күндері №24 орта мектебінде 1- 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен Республикалық конференция өткізілді, оған 250 ата-ана, ардагер ұстаздарымыз, және аналар клубының төрайымы Л.Е.Оразалиева, әкелер кеңесінің төрағасы Е.Б.Баймағанбетов қатысты.
Аталмыш іс-шара мақсаты ата-аналарда бала тәрбиесі барысында қиындық тудыратын сұрақтардың шешімін табу, отбасы құндылығын нығайту, білім беру мекемесінің отбасымен өзара байланысын жетілдіру болып табылады.
Сонымен бірге түрлі мәселелердің алдын алу бойынша әлем психологтарінің ұсыныстары берілді.
Конференцияда балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерде суицидтің алдын алу, мектепте діни атрибутикасы бар киінуді қолдайтын, деструктивті діни ағымның енуі туралы ата-аналармен жұмыс жасау, білім мазмұның жаңартуды еңгізу бойынша мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды қатыстыру, сонымен бірге білім беру ұйымдарында қамқоршылар кеңесінің жұмысын ұжымдық басқару формасы түрінде жандандыру.
Конференция соңында қатысқан ата – аналар және аналар клубының төрайымы Л.Е.Оразалиева, әкелер кеңесінің төрағасы Е.Б.Баймағанбетов өздерінің пікірлерін білдірді.