Балқаш тарихи - өлкетану мұражайына сяхтқа шықты
Дата: 2018-07-20 13:53:19
Саяхаттың ұйымдастырылу мақсаты Балқаш қаласындағы тарихи – өлкетану мұражайы туралы түсініктерін кеңейту. Ең алдымен тәрбиешілер тарапынан мұражай туралы ақпараттар берілді. Сонымен балаларды қызықтыру барысында әр түрлі ойындар ойнатылды. Мұражайдың тарихы, ондағы экспозициялар, тақырыптық көрмелер туралы мағлұматтар берілді. Мұражайға кірген соң балалар айтылған ақпаратты өз көздерімен көрді. «Қазақтың халық аспаптары» экспозициясы әр түрлі аспаптардың макетімен толықтырылса, «Өлкенің жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі» залында Балқаш өңірінің флорасы мен фаунасы берілген. Ең қызықты зал - архелогиялық зал балаларды таңқалдырмай қоймады. Қызыққаны соншалықты өздерінің көптеген білгісі келетін жұмбақ нәрселер туралы сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Сонымен қатар ол жердегі тақырыптық көрмелер де, назар аудартпай қоймады. Презентациялық блокта қаламыздың басты байлығы – мыс туралы болса, ретроспективтік блокта әйгілі адамдар туралы мағлұматтар алды. Қайтар жолда бір – бірінен таңқалыстарын жасыра алмай, мұражайдан алған әсерлерімен бөлісіп қайтты. Аса қатты қызығушылық танытқан балалар тағы да келуге ұсыныс жасады.