Размер шрифта:

2018-2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттауын өткізу туралы

Дата: 2018-06-07 16:16:06

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5- бабының 14) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында  2018-2019 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2019 жылғы 1 ақпанындағы №53 бұйрығын және Қарағанды облысы білім басқармасының 2019 жылғы 14 ақпанындағы №95 бұйрығын және Балқаш қаласының білім бөлімінің 2019 жылғы 19 ақпанындағы №136 бұйрығын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

 

  1. Оқу жылын аяқтау және     қорытынды аттестаттауын өткізу мынадай тәртіпте белгіленсін:
  2. Мектепалды, 1-11 сыныптарда оқу сабақтары 2017 жылғы 25 мамырда аяқталсын;

 

  1. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламасын меңгерген 9 (10) сыныптардың білім алушыларын қорытынды аттестаттау 2019 жылғы 27 мамыр – 6 маусым, мемлекеттік бітіру емтихандары -2019 жылғы 28 мамыр – 30 маусым аралығында өткізілсін;  
  2. Міндетті емтихандардың тізбесі,нысаны және өткізу мерзімдері :
    • Таңдауы бойынша пәннен ауызша емтихан  - 2019 жылғы 27 мамырда  ;
    • Қазақ тілінде оқитын сыныптардағы орыс тілінен ауызша емтихан 2019 жылғы 30 мамырда;
    • Орыс тілінде оқитын сыныптардағы қазақ тілінен ауызша емтихан 2019 жылғы 30 мамырда;
    • Ана тілі мен әдебиетінен (оқыту тілі бойынша) жазбаша емтихан 2019 жылғы 3 маусымда (диктант) ;
    • Математикадан  жазбаша емтихан 2019 жылғы 6 маусымда;

 

Оқыту қазақ тілінде , 9 «А» сынып

Мерзімі

Пән

Формасы

Емтихан алушы мұғалім

Комиссия мүшелері

Кабинет

27.05.2019

Басталуы:

8.00

География

Таңдауы бойынша пәннен ауызша емтихан 

Садуов Б.Е

Бөлекбаева А.Ж

Оразалиева Л.Е

№8

30.05.2019

Басталуы:

8.00

Орыс тілі

Ауызша емтихан

Акимбекова Б.Ғ

Маулетова И.О

Самбетова Д.Н

№1

03.06.2019

Басталуы:

9.00 - 11.00

Қазақ тілі 

Жазбаша емтихан

(диктант)

Оспанова Ж.Н

Дюсебеков С.Т

Смагулова Г.С

№ 7

06.06.2019

Басталуы: 9.00 -12.00

Математика

Жазбаша емтихан

Бертаева Н.К

Ахметова К.Ж

Татиева К.С

№2

 

  •    11 (12)  сыныптың білім алушыларының қорытынды аттестаттаулары мынандай мерзімде тапсырылады:
    • ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) жазбаша емтихан -2019 жылғы 28 мамырда;
    • Таңдау бойынша пәннен (физика, география, химия )  тестілеу  - 2019 жылғы 31 мамырда  ;
    • Қазақ тілінде оқитын сыныптардағы орыс тілінен тестілеу  2019 жылғы 31 мамырда;
    • Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан -2019 жылғы 4 маусымда ;
    • Қазақстан тарихынан  ауызша емтихан 2019 жылғы  7 маусымда;

 

1.5 2018-2019 оқу жылын осы бұйрықтың талаптарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125  бұйрығымен бекітілген  бастауыш , негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне сәйкес аяқтау қамтамасыз етілсін;

3. Оқу ісінің орынбасары А.К Мусина  9(10) сыныптарының білім алушылары үшін емтихан тапсырмаларының пакеттерін дайындап, білім бөліміне өткізу қамтамасыз етілсін;

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.К.Мусинаға  жүктелсін.

 

 

 

 

Мектеп директоры:                  М.С.Асылбекова

 

 

Орын: Мусина А.К