Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Дата: 2018-06-04 15:50:12

    Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр.

        Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға.

         Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады.

Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін.

 

Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырғасынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.

 

 Еліміздегі  игiлiктердiң барлығы елдiң болашағы – жас ұрпақтың келешегi жарқын болуы үшiн жасалып жатыр.  «Ауылына қарап, азаматын таны» деген, сендер қайда жүрсеңдер де біздің мектептей  сынды келешегi кемел, өрiсi кең құшақтан шыққандарыңды ұмытпауға, туған жер, өскен орталарыңды мақтан етуге тиiссiңдер. Туғанжеріміздің  мәртебесiн арттыратын сендерсiңдер, жас түлектер! Қадамдарыңа сәттi сапар, өмiрлерiне құтты қадам тiлейміз

Он бір жыл мектепте үздік оқып, ата-ана мен ұстаздарының қуанышы болған мектеп бітіруші түлектермектебіміздің   ғана емес, қаламыздыңда  мақтанышы. Олардың болашағынан ел-жұрты ұстаздар ұжымы үлкен үміт күтеді.. Олар сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін аялап-өсірген ата-аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып,. Бұл – мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.

Биылғы жылғы түлектер түрлі деңгейдегі  білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Сөйтіп, олар мектебіміздің білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты.

 

 Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сендерсіңдер. Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін.

Сондықтан да жауапкершілікті терең сезініп, әрқашан сенім биігінен шыға білулеріңе тілектеспін!

Құрметті түлектер,  алдағы уақытта тек жақсы жетістіктеріңмен, жоғарғы көрсеткіштеріңмен қуанта беріңдер. Мен сендерге мектеп ұжымы  атынан жоғары білімді жақсы азамат, білікті маман болып, болашақта еліміздіңөркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіремін. Үлкен өмір жолына бастар қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ жол тілеймін!