«ҰМЫТУДЫҢ ПРОЦЕНТІН АЗАЙТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Дата: 2013-06-01 08:21:24

«ҰМЫТУДЫҢ ПРОЦЕНТІН АЗАЙТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін ҚАЛАЙ ЖАТТЫҚТЫРУ КЕРЕК?» - дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет.

 

 

1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек.

2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет.

3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс.

4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн.

5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар

6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек.

7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар.

8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер.

9. Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық - еске сақтаудың ең бірінші жауы. Есте жақсы сақтау үшін денсаулық мықты болу керек.

10. Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар.

11. Таңертеңгілік 8 - 12 сағ. арасында еске сақтауды жаттықтыру жұмысы жемісті нәтижені береді. Жемісті жұмыстың шарықтау шегі - кешкі 19. 00.

12. Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске сақтауды әлсіретеді.

Балаңызға ұрыссаңыз, ол сізге өшіге түсуі мүмкін. Қайта бойында дөрекі мінез біткен балаңыздың көзқарасын өзгертіп, өзіңізбен тіл табысу үшін жылы сөйлесіңіз.

1. Баланың әр күнді бастауы, қарсы алуы сәтті болуы керек. Ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы, баппен оятыңыз, ол сіздің күлімдеп, мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаңызды көру керек.

2. «Сен жалқаусың, дөрекісің, ақымақсың» деген сөзді ешуақытта ауызыңыздан шығармаңыз. Қайта: «Сенің кешке дейін түк бітірмей жататының жаныма батады. Ішің пысқан жоқ па? Бір кішкентай ғана іс істесең, біз саған рақмет айтар едік» деген құлаққағыс айтып қойыңыз

3. Баланың тентектігін «тентек» сөзбен бетіне басуға болмайды. Дауысыңызды жұмсартып, жүрегіне жетерлік жылы сөз айтыңыз.

4. Мектепке жиі келіңіз. Атақты педагог В. Сухомлинскийдің «Отбасы мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген сөзін ұмытпаңыздар

5. Ер жеткен баланы тыңдамауға болмайды. Кейбір сауалдарға жауап бермесе, үндемеңіз. Егер абайсызда ұрыса қалсаңыз, артынан кешірім сұраңыз. Сіздің кешірім сұрауыңыздан кейін ол мүлде жақсы қырынан көрінуі мүмкін.

6. Бар нәрсені жасырып, ұл – қызыңызға жоқтан басқаны айтудан сақ болыңыз

 

Оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілікті шешу жолдары.

1. Баламен қақтығысқа түскен кезде істі өршітпей тәрбие жұмысын жалғастырыңыз

2. Оқушымен кеңес жүргізуге уақыт табыңыз.

3. Қиындықтан шығудың тиімді жолдарын ойластырыңыз.

4. Баланың арына тимеңіз, оның жағдайын түсінуге тырысыңыз.

5. Оқушымен әңгіме жүргізу кезінде оның намысын қорлауға, кемітуге, дауыңызды көтеруге жол бермеуге тырысыңыз.

6. Оқушыны түсінетініңізді сездіруге тырысыңыз.

7. Жазалау үшін білім бағасын төмендетпеңіз.

8. Оқушымен болған оқиғаны құпия сақтаңыз. Оқушының сыртынан сөз айтсаңыз сенімнен айырылып, оны өзіңізден алыстатып аласыз

9. Балаға жүрек жылуын аямаңыз. Үнемі есімнен атаңыз.

 

Ата-аналарға психологиялық кеңестер

Сынып:10-11«А» ата-аналарына

Мерзімі:наурыз 2012-2013 оқу жылы

Тақырыбы:Психологиялық өтпелі кезеңдерде балаға шынайы сезіммен қарап қателігін ақыл айтып,бірігіп түзету.

Әдістеме формасы:кеңес беру

Өткізу түрі:жалпы

Жасөспірім өзге жастарға қарағанда педагогтар пен тиісті әдебиеттерге көп әңгіме болып, жиі көтеріледі. Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшелігі жас баламен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады. Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жасөспірім барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен ақыл кеңесінен  құтылғысы келеді.  Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынасының өзгеше келетініндей емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс т.б жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатынында. Ал жалпы алғанда жасөспірім тың өзгеше сипатта келеді. Мысалы, жеткіншек төменгі кластардаоқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалыпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді. Осы мәселені анықтаудан зерттеушілер арасында талас бар. Дегенмен психиканың бұл ерекшелігі жасөспірімде әлеумет өмірінің өзінің ерекшелігінен болар. Жасөспірім бәрін өзім істей алам, «Сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірседе оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектерге ұқсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай басқаша айтқанда, бір жеткіншек істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек.

Әдетте жеткіншектерді  тәрбиеге көнбейтін қиын жас деп сипаттайды. Солай деп бағалайтыны біріншіден  бұрынғы кездегі психикасы мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатыныннан. Кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде  болуы мүмкін. (бірақ өзгеріске ұшырау жасөспірімде бір уақытта кездеспейді). Екіншіден осындай психиканың жаңа саласының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды уайым шегеді, оның тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды. Мұндай өзгерістерді психологтар түрліше дәлелдейді. Осы ғасырдың бас кезінде психолог З. Фрит жасөспірім үлкендердің қамқорлығына көнбейтінін «өзім бәрін орындаймын дейтінін жыныс қасиетінің салдарынан болатын санасысыз әуесқойлық» деп түсіндірді.

 Бұл пікірге көптеген психологтар қарсы. Жасөспірімдердің тәрбиеге көнгісі келмеуі түпкілікті емес, уақытша кездесетін уақыттың бірі. Қоғамдық ортаның жеткіншекті тәрбиелеуге ықпалы зор. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қойылатын талап үнемі өзгеріліп отырады. Осы талапқа сай жеткіншек бала жасынан үлкендер жасына өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер етіп, баланы әр-түрлі фантастикалық іске ұмтылтырады. Мұндай уақытша келіспеушілікпен күресу мектептегі және үй ішіндегі тәрбие жұмысының негізінде болады. Егер тәрбие не оқу жұмысы жеткіншектермен жақсы жүргізілсе ұнамсыз әдеттерден аулақ болады. Жаратылыстан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. өйткені қазақтың ел алдындағы абырой беделі, қадір қасиеті, тек жеке басының жақсылығы немесе дәулеті мен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы жарақтылығымен өлшенген. Ата-бабаларымыздың сондай ектілік деген ұғымды ежелден қастерлеп, оның атадан балаға мирас қылып қалдыруында терең сыр жатыр. Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздің болашақтарыңызды айтып берейін» деген. Қазіргі кезеңде қазақ халықының өмірінде бұрын соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Бұлар дөрекі  әдепсіз барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Баланың мінезін жалпы деңгейін ынтасын  жақсы білу үшін, оның дамуына адамгершілк қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екендігін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті. Баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстардың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуге ата-анаға көмекке келетін – мұғалім. Өйткені мектеп жасындағы баланың көбіне көп негізгі әрекеті – оқу. Оқу барысында ол білімге, қарым-қатынасқа, имандылық адамгершілікке үйренеді. Сонда мұғалімнің жеке бас үлгісі, сөзі мен ісінің сәйкестілігі, талапшылдығы отбасында баға жетпес құралына айналады. Бала тәрбиесі болашақ кепілі, отбасы мен мұғалімдер қауымының абыройлы ісі. Тәрбиенің нәтижелігі терең тамырлы тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ. Ол ата-аналар өз міндетін жеке түсінгенде,  мұғалімдермен ынтымақтастықта болған жағдайда алға басады.

Жасөспірімдер іс-әрекеттері мен оқиғаларға, жағдаяттарға  кейіпкерлердің мінез-құлқы мен қарым-қатынастарына баға беруге үйренеді.

Ата-аналарға психологиялық кеңестер

Сынып:10-11«А» ата-аналарына

Мерзімі:сәуір 2012-2013 оқу жылы

Тақырыбы:ҰБТ дегеніміз не?

Әдістеме формасы:кеңес беру

Өткізу түрі:жалпы

Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.

ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.

ҰБТ міндеттері:

1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;

2. Білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;

3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.

Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:

1. Тестіге дайындық, тесті алдында оқу материалын зерделеу;

2. Тестілеу алдындағы мінез-құлқың;

3. Нақты тесті кезіндегі мінез-құлқың.

Емтиханға тиімді дайындалу тәсілдері туралы ұсыныстар:

Психология тұрғысынан қалай дайындалу керек?

Аса ауыр кездерде басыңды жоғалтып алмас үшін, аса жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін өзіңнің алдыңа аса жоғары міндет қойма. Жағдайдың әбден шиеленісуін күтіп отырма. Емтиханға алдын ала, аздап-аздап, бөлшектеп дайындалуға кіріс. Егер күш-жігерің мен ойыңды жинау қиынға соқса, алдымен ең жеңілдерін есте сақтауға тырыс, содан кейін күрделі материалды оқуға көш. Ішкі қобалжуды, шаршағандықты басуға, өзіңді бос ұстауға көмектесетін жаттығуларды күн сайын орында.

Көз шаршаса не істеу керек?Емтиханға дайындалған кезде көзге көп жүк түседі. Егер көз шаршаса, бүкіл организм шаршады деген сөз: оның емтихан тапсырмаларын орындауға күші жетпейді. Көзге демалыс беру керек. Төмендегі жаттығулардың кез келген екеуін орында:кезек-кезек жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қара;көзіңмен өзіңнің тегіңді, атыңды, әкеңнің атын жаз;қашықтағы затқа қара (20 секунд), сосын көз алдыңдағы параққа бірінші оңнан солға қарай, сосын солдан оңға қарай шаршының, үшбұрыштың суретін сал.

Күн тәртібі:Күніңді үшке бөл:емтиханға күніне 8 сағат дайындал;спортпен шұғылдан, таза ауада демал, дискотекаға барып билеп кел;кем дегенде 8 сағат ұйықта; егер қажет деп санасаң түскі астан кейін өзіңе үзіліс жасап, аздап ұйықтап ал.

ТамақтануКүніне 3-4 рет тамақтану қажет; тамақ нәрлі және дәрумендерге бай болсын. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс-жеміс, шоколад же. Тағы бір кеңес: емтихан алдында аса тойып тамақ жеме.

Дайындалатын орынӨзіңнің жұмыс орныңды дайындап ал. Үстелге сары немесе күлгін түстегі заттар немесе сурет қой, өйткені бұл түстер зияткерлік белсенділікті оятады.

Көп материалды қалай есте сақтауға болады?  Материалдарды сұрақ бойынша қайтала. Басында есіңе түсір де, бар білгеніңді қысқаша жазып ал. Содан кейін ғана даталардың, негізгі оқиғалардың дұрыстығын тексер. Оқулықты оқып отырғанда басты, өзекті ойларды түртіп отыр – бұл жауаптың негізгі тармақтары болмақ. Кішкентай парақтарға әр сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құрастырып үйрен. Ертең емтиханға барамын деген күні жауаптың қысқаша жоспарлары бар парақтарыңды қарап шық.

Ойды, ойлау қабілетін қалай дамытуға болады?

1. Ақылды болғың келсе – ұғынықты сұрақ қоюға, бар зейінмен тыңдауға, байыппен жауап беруге және айтар ештеңең болмаса үндемеуге үйрен.

2. Оймен жұмыс істемей білім алуға болмайтындай, бірақ білім болмай ой да болмайды.

3. Ойлау қабілетін дамыту дегеніміз - өз ақылыңды біліммен қуаттау. Білім көзі әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар мен құбылыстар туралы, адамдар туралы ақпарат береді.

4. Ойлау сұрақтан басталады. Барлық жаңа өнертабыстар «Неге?» және «Қалай?» деген сұрақтардың арқасында ашылған. Сұрақ қоюға және оған жауап іздеп үйрен.

5. Дайын стандартты шешімдердің көмегімен қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда ойлау қабілеті «іске кіріседі». Сондықтан ойлауды дамыту үшін затты немесе құбылысты әр қырынан көре білу, әдеттегіден жаңаның ізін байқау қабілетін қалыптастыру маңызды.

6. Заттың немесе құбылыстың әртүрлі қасиеттерін байқау, оларды өзара салыстыра білу қабілеті – ойлаудың қасиеті.

7. Адам объектінің белгілерін, қырларын қаншалықты көп байқаса, оның ойлау қабілеті соншалықты икемді және дамыған болады. Бұл қасиетті зеректікке арналған ойындармен, логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштарды шешу арқылы жаттықтыру қажет.

8. Ойлау мен сөйлеу біртұтас. Ойлауды дамытудың басты шарттарының бірі – оқығанды еркін баяндап беру, пікірталасқа қатысу, жазба тілді белсенді пайдалану, өзің де толық түсінбеген нәрсені басқаға айтып беру.

Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары:

1. Есте сақтау қиындығы оның көлеміне кері пропорционалды өседі. Қысқа сөзден гөрі үлкен үзіндіні жаттау анағұрлым пайдалы.

2. Бірдей жұмыс кезінде есте сақталатынның саны қаншалықты көп болса, түсіну деңгейі соншалықты жоғары болмақ.

3. Назар аударып (концентрированно) жаттағаннан бөліп жаттаған жақсы. Қатарынан жаттай бергенше үзілістермен жаттаған, бәрін бірден жаттағаннан аздап жаттаған жақсы.

4. Қайта-қайта жай оқи бергеннен ойша қайталаған анағұрлым тиімді.

5. Егер үлкен және кішкентай екі материалмен жұмыс істесең, үлкеннен бастаған дұрыс.

6. Ұйықтап жатқан адам жаттамайды, бірақ ұмытпайды да.

Жұмысқа қабілеттілікті қалпында ұстау

1. Ой және дене еңбегін кезектестіріп орындау

2. Гимнастикалық жаттығулардан кувырок, свеча, баста тұру сияқты жаттығулар пайдалы, өйткені ми жасушаларына қанның баруы күшейеді.

3. Көзіңді қорға, әрбір 20-30 минут сайын демалыс бер (көзіңді кітаптан алып, қашыққа қара).

4. Теледидар қарауды барынша шекте.

 

Сынып жетекшілер отырысында жүргізілген тренинг элементтері бар психологиялық ойын

Тақырыбы:«Біз командамыз»

Мақсаты:педагогикалық ұжымды біріктіру, мұғалімнің шығармашылық потенциалын арттыру

Міндеттері:эмоционалдық жүктемеден арылу, бірлескен шығармашылық жұмысқа дайындық, өзінің кәсіби рольін сезіну, ортақ міндеттерді шешуде педагогикалық ұжымның бірлесе отырып атқаруындағы дағдыларын бекіту.

   Ойын барысында сынып жетекшілер төмендегідей жаттығулар ретін орындады:

«Мен үшін мектептің маңызы қандай?»

Көп ойланбастан бастарына келген ойды айту.

«Педагог немесе мұғалім?»

Педагог және мұғалім сөздерінің айырмашылығына тоқталып, келесі кезекте педагог, оқушы, ата-ана көзқарасымен үш топқа бөлініп сипаттама беру арқылы портретін құрастырды.

Негізгі бөлім

Ойын «Паровоз»

Бір адам локоматив, қалғандары вагон болады. Лакомативтің міндеті: составты алып жүру.

Ойын «Біз ұқсаспыз, біздің айырмашылықтарымыз бар» (жұппен) (10 минут)

Жартысы қиылған окрыткалардың көмегімен жұптарын табады. 2-3 минуттың көлемінде әр жұп өздерінен 5 ұқсастық және 5 айырмашылық табуы керек.

Ойын «Қара да тап»

Карточкада елтірілген жағдаятты қимыл-қозғалыс арқылы бейнелеу, табу.

Қорытынды ойын «Телеграмма»

Әрбір қатысушы тұлғаның сапасын анықтайтын анықтауыш жазады. Бұл сөздер телеграммадағы көп нүктенің орнына қойылады.

Рефлексия. Пікір алмасу.

Педагогтар осы ойын туралы өз ойларын ортаға салды. Күнделікті жұмыста өздеріне қажет жақтарына тоқталды. Ойыннан өте жақсы көңіл-күймен аттанды.

 

 

Мектеп  оқушыларының орта буынға бейімделуіне байланысты ата-аналар жиналысында жүргізілген психологиялық тренинг элементтері бар ойын

Тақырыбы:«Періштелер даналығы»

Мақсаты:Ата-аналарға бала бойындағы мінез-құлық сапаларының  ерекшеліктерін анықтауға көмектесу.

Міндеті:

·         Ата-аналардың психологиялық білімдерін жетілдіру;

·         Ата-анаға баланың жас ерекшеліктер кезеңіндегі мінез-құлық тұстарын айқындауға көмектесу.

    Ойын басталмас бұрын ата-аналарға 5-сынып оқушыларында бейімделу кезеңінің ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында «Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында шағын баяндама оқылды. Жүргізілген диагностикалық жұмыстар жайлы жалпылама таныстырылды.

    Алдымен ата-аналармен танысу жаттығуы жүргізілді.  Ойын барысында әр түрлі жаттығуларды орындау арқылы ата-аналар өз балаларының бойындағы жақсы және нашар мінез-құлықтарына сипаттама берді. «Ғаламшар» жаттығуын орындауда әсіресе қызығушылықтарын көптеп танытты. Өз ғаламшарын құру арқылы әр ата-ана өз отбасында психологиялық ахуалдың қандай екендігіне. Отбасы мүшелерінің қай орында және тәрбие барысы қалай жолға қойылғандығы туралы психологиялық сиптаттамамен танысты.

   «Періштелер даналығы» жаттығуында шағын аңыз-әңгімені тыңдау арқылы бала тәрбиесінде нені басты назарға алу керек деген бағытта өзара пікірталас жүргізілді.

    Рефлексия кезінде ата-аналар әр жиналыс осындай маңызды әрі қызықты ойындармен өткізілсе деген ұсыныстары мен жылы лебіздерін білдірді.

 

Педагогтарға арналған тренинг

Тақырыбы: «Жасөспірімдердің дамуындығы қарым-қатынастың маңызы»

Мақсаты:  Мұғалімдерді жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру

Міндеттері:

·         сабақ беру барысында жасөспірімдермен дұрыс қарым-қатынас құра білу ерекшелітерімен танысу·         

«Бүгінгі күнге сәлемдесу» жаттығуы

Жұмысымызды бір-бірімізге бүгінгі күнге жақсы тілек тілеуден. Ол тілегіміз қысқа мүмкіндігінше бір ғана сөзден тұруы керек. Сіз допты кімге тілек тілегіңіз келеді соған бір уақытта айтып лақтырасыз. Кімге допты лақтырдыңыз сол әрі қарай жалғастырады. Бәріне доп барғанын қадағалаймыз.

 «Атмосфера» жаттығуы

Жаттығудың мақсаты: сыныпта эмоционалды жайлылықты және позитивті атмосфераны қалыптастыру үшін қарым-қатынас құралын дамыту.

Нұсқау: Қатысушылар ыңғайлы отырып, еркін күйде көздерін жұмады (баяу музыка ырғағымен). Психолог жайлап, жұмсақ мәнермен мәтінді оқиды: «Қазір сізде жақында болған ең жағымды оқиғаны есіңізге түсіріңіз. Сіз не сезіндіңіз? Осы жағымды оқиғаға байланысты сезімдеріңізді: қуаныш, қанағаттану, рахатты, тыныштықты мүмкіндігінше нақтырақ есіңізге түсіріңіз». Енді осы ішкі сезімдеріңізді ойыңызға сақтай отырып, мен қазір ауызша айтатын әрбір бейнені есіңізге сақтауға тырысыңыз.

«Ағымынан жаңылыстыру» жаттығуы.

Жаттығу мақсаты: Жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларын тиімді басқару тәсілдерін дамыту.

Нұсқау: «Бұл жаттығуды психолог бір қатысушыға «мұғалім» болуға, ал қалған қатысушыларға «жасөспірімдер» немесе жоғары сынып оқушылары болуды ұсынады. Ойынның міндеті шулай бастаған тәртіпті бұза бастаған, дауыстары қатты шыға бастаған оқушыларды 1-2 минут ішінде жылдам тыныштандыру. Мұғалімнің оқушыларға әсер ететін әкімшілік шараларын қолдануға, ескерту жасай алуға және дауыс көтеруге  мүмкіндігі бар. Балалардың назарын аударатын, белсенді лидерлерді тыныштандыра алатын, психотехникалық тәртіп құралдарын тиімді әсер ететін құралдарды қолданады. Содан кейін қатысушылар «мұғалім» қолданған әсер ететін әдістерін талдап, ішінен тиімділерін бөліп айтады. Сонымен қатар қатысушылар арасында кәсіби тәжірибемен алмасады.

«Педагогикалық сезім» жаттығуы.

Жаттығу мақсаты: мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетте қолданатын сезімдермен байланысты маңызды кәсіби сапаларды дамыту.

Нұсқау: «Мұғалімдер тобы дөңгеленіп отырады. Психолог олардың кейбіреуіне адамның эмоциясы бейнеленген карточка таратылады. Келесі эмоциялар: «қуаныш», «ашу», «немқұрайлық», «көңіл қалу», «наразылық», «ызалану», «қолдау», «мадақтау», «қызығушылық». Карточка алған мұғалімдер  өзіне берілген эмоция түріне байланысты топтың алдында қысқаша сөз дайындауы керек. Онда айтылатын жағдаятты сипаттау арқылы жасөспірім мен жоғары сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде берілген сезімдерді қолдану. Педагогикалық тұрғыдан, қаншалықты нәтижелі болатын айтып өтіңіздер.  Топтың қалған мүшелері әріптестеріңіздің пікірін өз пікірлеріңізбен толықтырып отыруыңызды сұраймын. Мен үшін бүгінгі тренингтің маңыздылығы?