Қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы №1
Өтетін күні : 12.10.2017 ж
Қатысқандар:мектеп әкімшілігі,
ата-аналар, жергілікті мекеме қызметкерлері
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
2. «Қамқоршылық кеңестің» мүшелерін сайлау
3. Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөлу (төрағасы, орынбасар, жауапты хатшы).
4. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын құру,бекітуге ұсыну
1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Қ.Ж.Ахметова сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережесімен таныстырып өтті.
Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік , бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.
- Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
- Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту.
- Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
- Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
- Мектептің білім берушілік, қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.
- Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына , сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Балқаш локомотив пайдалану депосының басшысы Б.А.Сейсембеков Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды.
|
Аты-жөні , тегі |
Лауазымы |
Құрамы |
1 |
Сейсембеков Б.А |
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Балқаш локомотив пайдалану депосының басшысы |
Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы |
2 |
Омаров А.А |
Қарағанды жол бөлімінің басшысы |
мүшесі |
3 |
Ыкыласбеков Қ.Қ |
Қайта жөндеу депосының басшысы |
мүшесі |
4 |
Сембин Ж.Қ |
Балқаш вагон пайдалану депосының бастығы |
мүшесі |
5 |
Джангутиев Жасұлан Талғатович |
Балқаш бекеті бөлімшесінің жедел уәкілетті қылмыстық топ полициясының капитаны |
мүшесі |
6 |
Огай Василий Вадимович |
Балқаш қаласы ІІ ЮПТ инспекторы |
мүшесі |
7 |
Репченко Е.А |
Ата-аналар комитеті |
мүшесі |
8 |
Жапенова И.С |
Ата-аналар комитеті |
Хатшы |
9 |
Сычева В.В |
Ата-аналар комитеті |
мүшесі |
3. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша А.Қ.Мусина сөз алды. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарымен таныстырып, кеңес мүшелерімен бекітті.
Қаулы етті:
- Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес «Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі »КММ -сінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын;
- Қамқоршылық кеңес құрамын ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын;