Размер шрифта:

№24 орта мектебінде 2017 жылдың 1 маусымында мектеп жанындағы «Балауса» лагерінің ашылу салтанаты және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты іс – шаралар туралы ақпарат

Дата: 2017-06-05 08:48:59
№24 орта мектебінде 2017 жылдың 1 маусымында мектеп жанындағы «Балауса» лагерінің ашылу салтанаты және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты іс – шаралар туралы ақпарат

Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебінде 2017 жылдың 1 маусымында мектеп жанындағы «Балауса» лагерінің ашылу салтанаты және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты іс – шаралар жүргізілді.

8.45 – 9.00 уақыт аралығында лагерге келген оқушыларды тәрбиешілер қарсы алып, қабылданды.

9.00 – 9.10 уақыт аралығында «Балауса» лагерінің мақсат және міндетімен, ішкі тәртіп ережелерімен, топтың ұраны және әнімен таныстырылып, өтетін іс – шараға дайындық жүргізілді.

9.10 – 9.40 уақыт аралығында таңғы астарын ішті.

9.40 – 10.15 уақыт аралығында«Демаламыз, күлеміз. Көңілді жазды сүйеміз» тақырыбында 1маусым  - Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік  іс – шара болып өтті. Іс – шараның басты мақсаты балалардың жеке қасиеттерін дамыту,өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре  айтуға үйрету, бірін- бірі сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін  жоғалтпауға  тәрбиелеу.  Сонымен қатар балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау. Іс – шара ең алдымен балалармен амандасып, төл мерекелерімен құттықтаудан басталды. Әр түрлі жұмбақтар жасырылып, мерекеге байланысты өлең шумақтары айтылып, би биленіп, әндер шырқалды. Ойын ойнағанда балалар бір – бірінен қалыспай, белсенділік танытты.

11.00 – 12.30 аралығында қаламыздың белсенді мектеп оқушылары қатысқан  парадты тамашалады. Соңында балаларға арналған көңілді концерттік бағдарлама болды. балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге ән шырқап, би билеп, суретке түсіп көңіл көтерді. Сонымен қатар лагердегі 10 оқушы 1 маусым – балаларды қоғау күніне байланысты қаламыздағы балаларға арналған «Miki Hause» ойын – сауық орталығында және аттракционда тегін ұйымдастырылған ойындарға қатысып, көңіл көтерді.

13.00 – 13.45 аралығында түскі ас ішті.

14.00 – 15.30 аралығында түскі ұйқыға жатты.

15.30 – 16.30 кешкі астарын ішіп, «Біз – бақытты баламыз!» атты асфальтта сурет салу сайысы ұйымдастырылып, лагерь тәрбиеленушілері үздік көрсеткіш көрсетіп, белсене ат салысты.

16.30 – 17.00 аралығында балалар бүгінгі күні өткен іс – шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, үйлеріне  қайтты.