№24 орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 25 басты тәуелсіздік негізі болған Спорттық жетістіктер күніне жүргізілген іс-шаралар ақпараты
Дата: 2016-12-10 04:38:37
№24 орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 25 басты тәуелсіздік негізі болған Спорттық жетістіктер күніне «Саламатты Қазақстан» тақырыбында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара мақсаты:Денсаулық туралы, әр адамның денсаулығын сақтау және нығайтудың нақты мүмкіндіктері туралы кешенді ғылым ретінде салауатты өмір салты туралы түсінікті жинақтау.
«Дені саудың-жаны сау» тақырыбында салтанатты жиын өтті . Жиында мектебіміздің «Саламат» үгіт-насихат тобы өнерін көрсетті.Содан кейін өтетін іс-шаралар жоспарымен мектеп оқушыларын таныстырып, белсене ат салысуға «Жасұлан» ұйымының белсенділері үндеу тастады.
Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын түсіндіру және салауатты өмір салтын ұстануға қалыптастыру.
Ұраны: Салауатты өмір салты- ұлт денсаулығының кілті.
Спорттық іс-шаралар «Айбөбек» шағын орталығынан бастау алып, «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында іс-шаралар өтті Шағын орталық тәрбиеленушілері спорттық іс-шара белсене ат салысты.