№24 орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 25 басты тәуелсіздік негізі болған Ұлт саулығы күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат
Дата: 2016-12-10 04:31:17
№24 орта мектебінде Ұлт саулығы күніне арналған «Ұлт саулығы-мемлекет кепілі»тақырыбында мектеп медбикесі Бажбенова А. 7- 9 сыныптар арасында дәріс беріп өтті. Дұрыс тамақтану, спортпен айналысу адам ағзасына қажеттілігі жайлы айтты. Оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып, кездесу барысында аса белсенділік танытты. Балқаш қаласының Наркологиялық диспансерінен дәрігер – психолог Стельмах Н.В. шақырып, «Денсаулық – зор байлық » тақырыбында лекция оқыды. Лекция барысында ішімдік ішудің, нашақорлықтың, темекі тартудың қандай себеп – салдарға әкеліп соғатыны туралы айтылды, сонымен қатар видеороликтер, слайд - фильмдер көрсетіліп, психологиялық тренинг – жаттығулар жүргізілді. Оқушыларға әр түрлі буклеттер таратылды.