№24 орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 25 басты тәуелсіздік негізі болған Қазақстан Республикасы Жаһандық бастамалар күніне арналған «Жаһандық бастама. Қазақстан -2050» тақырыбында өткен пікірталас бойынша ақпарат
Дата: 2016-11-28 05:03:57
№24 орта мектебінде «Жаһандық бастамалар» тақырыбында 10 А сынып оқушыларымен пікірталас өтті. Іс-шараның мақсаты: Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, оқушыларға түсіндіру , жасөспірімдердің бойынан патриоттық сезімдерін оята отырып, елін , Отанын, жерін сүюге тәрбиелеу.
Пікірталас Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнінен басталып , оқушылар «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы , Қазақстан Республикасы Елбасының Халыққа Жолдауы т.б тақырыптарда ойларын ортаға салды. Оқушылар белсенділік танытып, өз еліміздің экономикасын, мәдениетін, тілін дамытуға өз үлестерін қосатындықтарын айтты.