Размер шрифта:

№24 орта мектебінде I жартыжылдықта аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу бойынша жүргізілген іс – шаралар туралы ақпарат

Дата: 2016-03-15 09:10:30
№24 орта мектебінде I жартыжылдықта аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу бойынша жүргізілген іс – шаралар туралы ақпарат

№24 орта мектебінде Iжартыжылдықта аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу бойынша жүргізілген іс – шаралар туралы ақпарат

Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебінде аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын – алу бойынша іс – шаралар жоспарланып, жүргізіледі. Мақсаты:мектепте жасөспірімдердің өзіне - өзі қол жұмсауының  алдын-алу, оларға психологиялық көмек көрсету, ерекше педагогикалық бақылауда тұрған оқушыларды қадағалау. Осы көрсетілген мақсаттарды алға тарта отырып  қыркүйек айында ерекше педагогикалық бақылауды қажет ететін оқушылардың жеке парақтары ашылды. Ол жерде оқушының категориясы, өзі туралы ақпарат, бақылауда түрған себептері көрсетіледі және  жеке жүргізілген іс – шаралар тіркеледі. «Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу» тақырыбында тренинг – сабақ жүргізілді. Мақсаты балаларға өз – өздерін тануға, сезім мен қабілетін түсінуге көмектесу, оларды дамытып, жетілдіруге мүмкіндік жасау, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру. Тренинг – сабақ барысында «Көңіл – күй суреті», «Болады, болмайды» жаттығулары жүргізілді. «Мен қандаймын?» сұрақ берілді, жауаптарынан оқушылар өздерін қалай бағалайтыны анықталды. Қорытындысы жалпы түрде жарияланды және психологиялық түрғыдан кеңестер берілді. Психологиялық, психодиагностикалық ойындар жүргізілді. Оқушылардың мектепке байланысты үрей деңгейлерін  анықтау мақсатында «Филипс» сауалнамасы жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың бойынан мектепке байланысты үрейлік мінез байқалған жоқ. «Мен қандай адаммын?» тренинг – жаттығуыоқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу мақсатында жүргізілді. Оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту және әдептілік ережелерімен таныстыру мақсатында «Әдепті адам өзін қалай ұстайды?» тақырыбында ақпараттар беріліп, психологиялық кеңестер берілді. Орта буын оқушыларымен «Қиын жағдайға түскен кезде табысқа жету» сауалнамасы жүргізілді. Мектеп жасындағы балалардың бастарына қиын жағдай болған кезде қандай жағдайда болатынын бақылау мақсатында жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен оқушылар жекелей таныстырылып, психологиялық тұрғыда кеңестер берілді.

 

 Т.Н.Разуваева әдістемесі бойынша «Өзіне – өзі қол жұмсаудың тәуекелділік сауалнамасы» жүргізілді. 8 – 9 сыныптарға арналған сауалнама мақсаты  өзіне – өзі қол жұмсаудың тәуекелділігіне экспресс – диагностика жасау және өзіне – өзі қол жұмсау тәуекелділігінің қалыптасу деңгейін анықтау. Сауалнама қорытындысы бойынша өзіне – өзі қол жұмсау тәуекелділігі төмен деңгейде екені анықталды.

 

 

«Өз – өзіңді қалай бағалайсың?» сауалнамасы оқушылардың өзін – өзі бағалау деңгейін бақылау мақсатында жүргізілді.жүргізілген сауалнама қорытындысы ортадан жоғары деңгейді көрсетті, оқушылардың өз – өздерін бағалау деңгейі қалыпта жағдайда деген сөз.

 

    

Сыныптастарымен және айналасындағы адамдармен қарым – қатынасын анықтау мақсатында «Жеке басының коммуникативтік сапасын анықтауға» арналған сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысындағы көрсеткішпен оқушылар жекелей таныстырыла отырып, жан – жағындағы адамдармен қарым – қатынас жасағанда, олармен де санасып, құрбы – құрдастарымен қақтығысқа түспес үшін мінездерін жағдайға байланысты өзгертулері керектігі туралы кеңестер берілді.

 

Дайындаған:

педагог – психолог Құлымжанова Г.М.