5 сынып оқушыларына арналған тренинг – жатығуы
Дата: 2016-03-15 09:04:27
5 сынып оқушыларына арналған тренинг – жатығуы
Өткізілген сынып: 5а,б
Мерзімі:қыркүйек 2015 – 2016 оқу жылы
Өткізілу формасы: тренинг – жаттығу
Мақсаты:Орта буын оқушыларының жаңа ортаға, мұғалімдерге, оқу процесінің өзгерісіне психологиялық тұрғыда қалыптасып, бейімделуінің тұрақтылығын сақтау.
1. Сәлемдесу ритуалы
Жаттығудың жүргізілу тәсілі: Әр оқушы бір – біріне вербальсіз әрекетті қолдану арқылы, яғни ым- ишарамен сәлемдесіп, бір-біріне көңілді күймен жақсы тілек, ниет білдіреді.
2. «Жағымды әңгімесу арқылы қарым – қатынас орнату»
Жаттығудың жүргізілу тәсілі: Алдымен пассивті мінез – құлығымен ерекшеленетін немесе өз қалауымен ортаға екі оқушы шығады. Содан әр оқушы бір – бірімен таныс емес әрекет танытып жаттығуды орындау тапсырылады. Арнайы төмендегі сұрақтар бойынша кезектесіп, әңгіме, сұхбат құрулары тиіс.
• Сіздің алдыңызда көптен ұнататын адам тұр сіз қарым – қатынасқа қалай кіресіз?
• Сіздің алдыңызда бір нәрсеге орай көңіл – күйі болмай мазаланып бір адам тұр сіз оны қалай сабырға шақырасыз?
• Сізді көшеде бейтаныс адам басқа біреуге қатты ұқсатып шақырды сіз қарасымен ол қателескенін түсініп кешірім сұрады, сонымен қоса сіз ол адамды ұнатып қалдыңыз сонда сіздің әрекетіңіз?
3. «Қоқыс шелегі»
Жаттығудың жүргізілу тәсілі: Әр оқушы өзімен отбасымен, сабақпен, күнделікті жағдайларға байланысты уайымдап жүрген, қорқыныштарын, қобалжу сезімдерін көз алдына елестете отырып, арнайы ақ парақ бетіне көзін жұму арқылы шимайлап барлық кедергі энергияларын шығарады. Содан барлық оқушылар қолдарындағы қағаздарын ұсақ бөлшекке жыртып, терең дем шығару арқылы тез жылдамдықпен қоқыс шелегіне лақтырады.