«Қауіпсіз жол – әрқайсымыздың міндетіміз» жол қауіпсіздігінің алдын алу

Дата: 2025-12-02 09:46:28
 «Қауіпсіз жол – әрқайсымыздың міндетіміз» жол қауіпсіздігінің алдын алу

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп-интернаты"КММ-де. 26.11  күні  мектеп оқушыларымен  «Қауіпсіз жол – әрқайсымыздың міндетіміз» жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында Балқаш қаласы Патрульдік полициясы полиция аға лейтенанты Нуршумов Санат Багдатовичпен және  Балқаш қ. ПБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Коразбаев Н.А   кездесу өткізді. Кездесу барысында жолда жүру қауіпсіздігі, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге арналған ақпараттық және ескерту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмысының мақсаты – балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жолда дұрыс әрекет етуге үйрету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Оқушылар белсенді қатысып, маңызды мәліметтермен танысты. #Адал_азамат