«Балалық шаққа саяхат»
Дата: 2025-11-28 16:25:15
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің
"№ 24 мектеп-интернаты" КММ –нде қараша айының 26-шы жұлдызында "Балалар кітапханасы"жобасы аясында 5 «А», 5 «Б» сынып оқушылары балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» шығармасын сынып болып оқыды. Оқу сағатында оқушылар шығарма кейіпкерлеріне тоқталып, өз ойларын еркін жеткізді. Мақсаты: кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру. #Адал_азамат