Размер шрифта:

"Еңбек түбі - береке "

Дата: 2025-09-23 10:21:43

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қыркүйек айының соңғы жексенбісі "еңбек күніне" орай мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Бүгінгі іс-шараның тақырыбы: "Еңбек түбі - береке ". Кездесу қонағы мектебіміздің ардагер ұстазы география пәні мұғалімі Садуов Бақтыбай Екпинбаевич. , мектебіміздің медбикесі Бажбенова Асия Кулуткенова. Теміржол қызметкерлері машинист Жүзбаев Бағлан Серікұлы мен машинист көмекшісі Жұмали Ержан Жолдасбекұлы. Кездесу барысында жұмысшы мамандығы жайында сөз қозғалды. Келген қонақтар өздерінің еңбек жолдарының қызығы мен шыжығы жайлы оқушылармен бөлісті. Оқушылар өздерінің ойларындағы сұрақтарына жауап алды. #Адал_азамат