«Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп»
Дата: 2025-09-17 14:15:32
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ де 16.09 күні «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында жалпы ата -аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында төмендегі маңызды мәселелер талқыланды. 1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің бірлескен
жұмысын ұйымдастырудың басымдықтары туралы. 2. Мектепшілік ата-аналары комитетінің қызметін
үйлестірудің ерекшеліктері туралы. 3. Мектепшілік ата-аналары комитетінің төрағасы мен
көмекшілерін сайлау туралы.
Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту. Жиналыс соңында ата-аналар өз ой-пікірлерін білдіріп, мектеп ұжымы мен ата-аналардың бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар 2025-2026 оқу жылындағы мектебіміздегі жаңадан қосылған психолог кабинетімен, асхананың жөндеу жұмыстарын көріп шықты. Қорытындысында жаңа оқу жылындағы міндеттер айқындалып, ата-аналар комитеті бекітілді. Біз бірлесе отырып, балаларымыздың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін еңбек етеміз!
#адал__азамат
#біртұтас_тәрбие