Размер шрифта:

«Балалар кітапханасы»

Дата: 2025-04-22 16:01:34
«Балалар кітапханасы»
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  "№ 24 мектеп-интернаты" КММ- сінде мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында сәуір айының 22-інші жұлдызында Дүниежүзілік кітап күніне орай «Бар білім кітапта» тақырыбында 5-7 сыныптарға танымдық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты:оқушыларды әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, сонымен қатар «Кітап – білім бұлағы, ал білім — өмір шырағы» деген нақыл сөздің өмірден алар орнын бағындырар белестерін оқырман бойына сіңдіру. Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол – мәңгілікке сапар шеккен ақыл ескерткіші. Ұлы жазушысы М.Әуезовтың сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Ендеше, кітап – білімді қару, сондықтан еліміздің озық та өнерлі өкілі болайық!
#Біртұтас_тәрбие