«Балалар кітапханасы»
Дата: 2025-04-22 15:27:24
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ-інде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің (1841—1889) - «Кел балалар оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдерінің жинағы бойынша 4-6 сыныптарға кітапханалық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: балалардың кітап оқуға ынтасын арттыру, кітап оқуға баулу.
#Біртұтас_тәрбие