Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ-де мектеп асханасының жаңа 2023-2024 оқу жылындағы жалпы санитарлық жағдайын, тағамның сапасын тексеру мақсатында 12.02.24жылы бракераждық комиссия мүшелері

Дата: 2024-02-29 17:04:30
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім  бөлімінің

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім  бөлімінің "№ 24 мектеп-интернаты" КММ-де мектеп асханасының жаңа 2023-2024 оқу жылындағы   жалпы санитарлық жағдайын, тағамның сапасын тексеру мақсатында 12.02.24жылы бракераждық комиссия мүшелері медбике Бажбенова А.К , директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Маулетова И.О, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Оспанова Ж.Н, ата-ана Утенова С, психолог Жумажанова С.С - мен бірге  жоспарға сай тексеріс өтілді.  

Күн тәртібінде:

1. Асхананың санитарлық жағдайын тексеру

2. Берілген тамақтардың мәзірге сай болуы,берілген астың мөлшерінің сай болуы

3. Тамаққа қосатын дақылдардың тазалығы,мерзімінің дұрыс болуы

4. Ыдыстардың шеттерінің ұшқанын , сынғанын қадағалау.

           Бүгінгі ас мәзірі бойынша;

- күріш каша сүтпен

- алма

- печенье

- Қ/б наны

- сүт қосылған шай

- сүзбеше

           Тексеріс барысында асхананың тазалығы талапқа сай, күнделікті тағам сапалы дайындалған, күніне әкелініп отырады. Ас мәзірі бекітілген, мәзір бойынша дайындалған, барлық тағамдардан сүзбеше  берілмеді.Ыдыс-аяқтарды тексеру барысында шеті ұшқан ыдыстардан тарелка болды.Алынып тасталды.Су ішетін куллер , сусабын, таза стакандар барлығы талапқа сай бар.

Шешім бойынша мектеп асханасының санитарлық жағдайын, тағамның дайындалуын қанағаттанарлық деп есептелді. Ас мәзірі бойынша тағамдар толық болуы ескертілді. Сынған ыдыстардаң болмауын қадағалау керек екенін , алып тасталу керектігі ескертілді.

Ұсыныс: Күнделікті ас мәзірін сапалы дайындау, тағамдарды толығымен беру, сынған ыдыстардың болмауын қадағалау.